Close Menu
rus.sayasatinfo.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Технология
  • Білім
  • Әлем
  • Спорт
  • Туризм
Facebook X (Twitter) Instagram
Понедельник, 25 мая
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Құпиялылық саясаты
Facebook X (Twitter) Instagram
rus.sayasatinfo.kzrus.sayasatinfo.kz
Subscribe
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Технология
  • Білім
  • Әлем
  • Спорт
  • Туризм
rus.sayasatinfo.kz
Home»MEDIA»Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты
MEDIA

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

sayasat_adminBy sayasat_admin16.05.2026Комментариев нет2 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталған. Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады.

Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көліктің пайдалануға берілуі Астана мен еліміз үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев елорда келешекте Еуразияның көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ жобаны табысты жүзеге асырған қытайлық компания тарапына ризашылық білдірді. Мемлекет басшысы LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына сәттілік тілеп, жобаны одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Содан кейін Президент Astana LRT жұмысын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 001 сериялы карта берілді. Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жүрді.

LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді (4 құрам резервте). Басқару, жылдамдықты арттыру және тежеу, есікті ашу үдерістері, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер толығымен автоматтандырылған. Қосымша бақылау үшін қолмен басқару және диспетчермен байланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған.

LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи депо бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы шамамен 40 минутты құрайды. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді.

Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады. Атап айтқанда, «Астана-1» вокзалы, «Жағалау» шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды.

sayasat Sayasatinfo
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
sayasat_admin
  • Website

Related Posts

Құрылтай феномені сараланды

22.05.2026

Қазақстандық мамандар жетім балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне оқытылады

17.05.2026

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

17.05.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай феномені сараланды

22.05.2026113 Views

Қазақстандық мамандар жетім балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне оқытылады

17.05.20268 Views

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

17.05.20263 Views

«Таза Қазақстан». Шымкент қаласы

17.05.20263 Views

Абай ұлттық мектебі қайта жаңғырды

17.05.20262 Views

Президент Жарлығы кітапхана саласын дамытуға серпін береді

17.05.20262 Views

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

16.05.20268 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

16.05.20265 Views

Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

15.05.20269 Views

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

15.05.20264 Views

Subscribe to News

Get the latest sports news from NewsSite about world, sports and politics.

Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
© 2026 ThemeSphere. Designed by ThemeSphere.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.