Close Menu
rus.sayasatinfo.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Технология
  • Білім
  • Әлем
  • Спорт
  • Туризм
Facebook X (Twitter) Instagram
Понедельник, 25 мая
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Құпиялылық саясаты
Facebook X (Twitter) Instagram
rus.sayasatinfo.kzrus.sayasatinfo.kz
Subscribe
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Технология
  • Білім
  • Әлем
  • Спорт
  • Туризм
rus.sayasatinfo.kz
Home»Білім және Ғылым»Қазақстандық мамандар жетім балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне оқытылады
Білім және Ғылым

Қазақстандық мамандар жетім балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне оқытылады

sayasat_adminBy sayasat_admin17.05.2026Комментариев нет2 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2026 жылғы мамырдан бастап Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтерін оқыту басталады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының 47 тренері жүргізеді. Бағдарлама заманауи халықаралық тәжірибелер мен SOS Қазақстан балалар ауылдарының тәжірибесіне негізделген.

Бұл бастама балаларды қорғау жүйесін жетілдіруге және қиын өмірлік жағдайға тап болған, травмалық тәжірибе алған балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізуге бағытталған. Бағдарламаға еліміздің барлық өңірлерінен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері, тәрбиешілері, психологтері, әлеуметтік педагогтері, әдіскерлері мен басшылары қатысады.

Бүгінде еліміздегі жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында 1945 маман жұмыс істейді. Мамыр мен желтоқсан аралығында осы мамандардың барлығын оқытумен қамту жоспарлануда. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде респонденттердің 91%-ы оқудан өтуге дайын екенін білдіріп, қиын өмірлік жағдайдағы балалармен және отбасылармен жұмыс істеудің заманауи әдістерін меңгерудің қажеттілігін атап өткен.

Бағдарлама балалармен практикалық жұмыс дағдыларын дамытуға, жеке тәсілді қалыптастыруға және қауіпсіз, қолдаушы орта құруға бағытталған. Бағдарламаға заманауи халықаралық әдістемелер енгізілген: травмаға бағдарланған тәсіл, кейс-менеджмент, отбасын қолдаудың экожүйелік моделі және баланың күшті жақтарына негізделген жұмыс әдістері.

Әсіресе, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балалардың эмоционалдық әл-ауқатына, сенімді қарым-қатынас орнатуға және кәсіби қабылдаушы отбасылармен жұмыс істеуге дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа тәсілдерді енгізу формалды сүйемелдеуден әр баланың қажеттілігі мен әл-ауқатына бағытталған жүйеге көшуге мүмкіндік береді және Қазақстандағы жетім балаларды қолдау жүйесін ізгілендірудің маңызды кезеңі болмақ.

https://www.gov.kz/

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
sayasat_admin
  • Website

Related Posts

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

17.05.2026

Абай ұлттық мектебі қайта жаңғырды

17.05.2026

Президент Жарлығы кітапхана саласын дамытуға серпін береді

17.05.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай феномені сараланды

22.05.2026113 Views

Қазақстандық мамандар жетім балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне оқытылады

17.05.20268 Views

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

17.05.20263 Views

«Таза Қазақстан». Шымкент қаласы

17.05.20263 Views

Абай ұлттық мектебі қайта жаңғырды

17.05.20262 Views

Президент Жарлығы кітапхана саласын дамытуға серпін береді

17.05.20262 Views

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

16.05.20268 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

16.05.20265 Views

Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

15.05.20269 Views

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

15.05.20264 Views

Subscribe to News

Get the latest sports news from NewsSite about world, sports and politics.

Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
© 2026 ThemeSphere. Designed by ThemeSphere.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.