Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды,- деп хабарлайды rus.sayasatinfo.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді. Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.
Автор: sayasat_admin
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты,- деп хабарлайды rus.sayasatinfo.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. – Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, – деді Президент. Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды. Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды, — деп хабарлайды rus.sayasatinfo.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.
Мәскеу қаласы Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұнына айрықша мән берді, — деп хабарлайды rus.sayasatinfo.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық танытқан Владимир Путинге алғыс айтып, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сізбен Мәскеуде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл «көзіміз жасқа толып» қарсы алатын мереке. Өйткені адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста опат болған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Кеңес өкіметі Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан алпауыт ел болып шықты. Біріккен Ұлттар ұйымын құрушылардың біріне айналды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерлерімізді ардақ тұтамыз.…
Фото: AI көмегімен жасалған. Knight Frank деген халықаралық консалтингтік компания бар. Сонау 1896 жылы Ұлыбританияда құрылып, бүгінде әлемнің ондаған елінде жұмыс істейтін ұйым дүниежүзіндегі бай адамдардың қаржысы, элиталық жылжымайтын мүліктер және инвестициялық трендтер туралы рейтингтер мен болжамдар жасайды екен. Жақында осы компания әлемдегі долларлық миллиардерлердің жаңа тізімін жариялады. Дерек бойынша биыл шіріген байлардың саны 3110 адамға жеткен. Сараптамаға сәйкес, жиған-тергені млрд доллардан асатын адамдардың қатары жыл сайын көбейе түскен. Мысалы, 2021 жылы 2723 миллиардер болған болса, өткен 5 жыл ішінде олардың саны 387 адамға бірден артыпты. Болжам бойынша байлардың саны 2031 жылы тағы да 26 пайызға өсіп, 3915 адамға жететін…
Таразда автосалонның бұрынғы менеджері ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Қаланың 25 жастағы тұрғыны автосалонда сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп жүріп, клиенттер мен жұмыс берушісін алдаған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол клиент әйелге құны 90 млн теңге тұратын көлігін жаңасына ауыстырып беруге уәде етіп, автокөлікті сатып жіберіп, қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Кейін бұл әрекетін жасыру үшін басшылықтың рұқсатынсыз автосалонға тиесілі 83 млн теңгелік жаңа көлікті клиентке берген. Бұдан бөлек, айыпталушы сатуға қалдырылған құны 68 млн және 34 млн теңге болатын автокөліктерді сатып, ақшасын иемденген. Сондай-ақ, автосалон меншігіндегі құны 59 млн теңге тұратын жаңа Toyota Land Cruiser көлігін төмен…
Ақмола облысында Qazaq Kaolin ГОК-ы техникалық іске қосылып, сынамалық өнім шығара бастады. Ақмола облысының Зеренді ауданында Qazaq Kaolin тау-кен байыту комбинатының жабдықтарына техникалық іске қосу жүргізілді. Кәсіпорын Алексеев кен орнында жұмысын бастады. Компанияның тең иелері – Қыдырғали Байбек пен Бекзат Керімбай. Техникалық іске қосу сәуір айының соңында өтті. Өндірістік алаңда негізгі технологиялық жабдықтардың жұмысы тексеріліп, өнімнің сынамалық партиясы шығарылды. Компания басшысы Марат Хасеновтың айтуынша, жоба байытылған каолин өндіруге бағытталған. Қазіргі таңда кәсіпорында германиялық AKW компаниясының мамандары іске қосу-жөндеу және технологиялық сынақ жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпорын жылына 230 мың тонна шикізат өңдеп, 90 мың тоннаға дейін байытылған каолин өндіре алады. Сонымен қатар төрт…
Белгілі актер әрі ұстаз Тұңғышбай Жаманқұлов Байқоңырдың бұрынғы атауына қатысты тың дерекке ерекше әсерленгенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, ол жақында Байқоңыр өңірінің ең алғашқы тарихи атауы туралы білген. Актердің айтуынша, бұрын бұл жер «Жеркіндік» деп аталған. «Жақында Байқоңырдың ел болған кездегі алғашқы атауын естідім. Төбе шашым тік тұрды. Бұрынғы аты – Жеркіндік екен. Дәл сол жерден адамзат ғарышқа ұшып жатыр», – деді ол. Тұңғышбай Жаманқұлов «Жеркіндік» атауының өзі қазақ халқының терең ойы мен көрегендігін аңғартатынын атап өтті. Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік актердің ойын қолдады. Қолданушылар «мұндай сөздерді тыңдай бергің келеді», «Жеркіндік – мағынасы терең, әдемі атау», «бабалар…
Швейцарияның SWISS әуе компаниясына тиесілі Сеул–Цюрих бағытындағы LX123 рейсінің Алматыға шұғыл қонуына қатысты жаңа мәліметтер жария болды. Белгілі болғандай, ұшақтың бағытын өзгертуіне борттағы екінші пилоттың денсаулығы себеп болған. Airbus A350 ұшағында 227 жолаушы мен 14 экипаж мүшесі болған. Ұшу барысында екінші пилоттың жағдайы күрт нашарлаған. Оған жолаушылар арасындағы үш дәрігер алғашқы көмек көрсеткен. Шетелдік БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, дәрігерлер пилотты мүмкіндігінше тезірек ауруханаға жеткізу үшін ұшақты ең жақын қолайлы әуежайға қондыруға кеңес берген. Осыдан кейін экипаж Алматы әуежайына бағыт алған. SWISS әуе компаниясы жағдайға байланысты пікір білдіріп, қызметкердің денсаулығы бірінші орында екенін атап өтті. — Әріптесіміздің денсаулығы мен амандығы —…
АҚШ Үкіметімен тонның ішкі бауындай жұмыс істейтін U.S. Geological Survey атты компания әлемдегі пайдалы қазбалар қорының көлемін есептеп шығарыпты. Биылғы тізімде Қазақстан да жүр. Мәселен, дүниежүзіндегі мыс қорының үлесі бойынша еліміз 12-орында екен. Компанияның деректеріне сәйкес, 2026 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша әлемдік мыс қоры шамамен 980 млн тоннаны құрайды. Ал мұндағы Қазақстанның үлесі шамамен 20 млн тонна болады. Яғни, әлемдік мыс қорының 2 пайызы қазақ даласында жатыр дегенсөз. Бұл көрсеткіш елімізді мыс кеніші бойынша ықпалға ие елдер тізімде 12-орынға шығарады. Жалпы, алғашқы ондықтағы елдердің тізімі былай түзілген: 1-орында Чили,180 млн тонна, 2-орында Австралия, 100 млн тонна, ал 3-орында Перу 85…