Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Нұрлыбек Машбекұлы жаңа лауазымға кірісіп, бұған дейінгі қызметінен босатылды. Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі бойынша аграрлық және заң салаларын меңгерген. Сонымен қатар Ресейдегі мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдірген. Еңбек жолын 1997 жылы мұнай өнімдері саласында сарапшы ретінде бастаған. Кейін жеке секторда басшылық қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметтегі мансабында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Қызылорда қаласының әкімі секілді маңызды қызметтерді атқарған. Сондай-ақ Үкімет құрылымында өңірлік даму бағыты бойынша жауапты қызметте болды. 2022 жылдан бастап Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарған еді.
Автор: sayasat_admin
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне кірісті. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Айта кетейік, Роман Скляр бұған дейін Үкімет құрамында бірқатар жоғары қызметтерді атқарған. 2019 жылдың 18 қыркүйегінде ол Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалса, 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Алматы қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді. Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады,- деп хабарлайды rus.sayasatinfo.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды. Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі. Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық…
Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында көмір генерациясының ұзақ мерзімді және теңгерімді отын-логистикалық базасын қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар көзделген, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Көмір электр станцияларының сенімді жұмысы көмір өндіруді, көлік инфрақұрылымын және энергетикалық қуаттарды үйлестіре дамытуға негізделген тұрақты отынмен жабдықтау жүйесін талап етеді. Жаңа станцияларды іске қосу және электр энергиясын тұтынудың өсуі жағдайында көмірмен қамтамасыз етудің болжамды моделін қалыптастыру ерекше маңызға ие. Негізгі бағыттардың бірі көмір бойынша ұзақ мерзімді отын-энергетикалық теңгерімді әзірлеу болады. Бұл жұмыс қолданыстағы және жаңа генерациялаушы объектілер үшін көмір өндіру, тасымалдау және тұтыну көлемдерін болжауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ішкі тұтынушылар үшін магистральдық теміржол желісі…
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Қаражат қаланы жылумен қамту сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымды 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға жұмсалады. Бөлінген қаржы жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесіне, сондай-ақ Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу жобаларын аяқтауға бағытталады. Жұмыстарды жүргізу қажеттілігі техникалық тексеру нәтижелерімен расталды. Мамандар жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелер мен жабдықтарды анықтады. Өткен жылыту маусымы барысында жекелеген…
Еліміз агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары аясында ирандық Golrang Industrial Group компаниясымен май экстракциялау зауытын және етті бағыттағы құс фабрикасын салу туралы екі ірі жобаны жүзеге асыру үшін келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Келісімге ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мен компания басшысы Фазли Мехди Мохаммадкарим арасындағы кездесу барысында қол қойылды. Жалпы инвестиция көлемі 120 млн АҚШ долларын құрайды. Golrang Industrial Group басшылығы Қазақстанда бизнесті дамытуға стратегиялық маңыз беріп отыр. Қазіргі уақытта компания өкілдері болашақ өндірістер үшін өңірлерді зерделеуге көңіл бөлуде. Алғашқы жобада тәулігіне 3 мың тоннаға дейін күнбағыс өңдейтін…
Peter Kramer/NBC via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп Дональд Трамп Ормуз бұғазында кемелерді босатуға бағытталған операция басталатынын мәлімдеді. АҚШ президентінің айтуынша, Таяу Шығыс уақытымен дүйсенбі күні таңертең Ормуз бұғазында «Project Freedom» («Бостандық жобасы») деп аталатын операция іске қосылады. Бұл қадам АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан бұғазда тұрып қалған кемелерді қауіпсіз өткізуге бағытталған. Трамптың сөзінше, «әлемнің көптеген елдері» өз кемелерін босатып беру жөнінде Вашингтоннан көмек сұраған. АҚШ тарапы олардың кемелерін қауіпсіз өткізіп, қалыпты қызметін жалғастыруына жағдай жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ол бұл операцияға кедергі келтірілген жағдайда АҚШ күш қолдануға дайын екенін ескертті. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мәліметінше, операцияға басқарылатын…
Кәрім Мәсімовтің қылышы аукционда сатылды. Ол 1,5 миллион теңгеге өтті. Бұған дейін тергеу аясында тәркіленіп, қайтарылған активтерді басқаруға берілген самурай қылышы 29 сәуірде электрон саудада сатылды. «Қынабына салынған самурай қылышы: жүзі болаттан жасалған, жүзінің бойында өзіне тән терең емес ойық бар; қынабы қара түсті материалдан жасалған; сабы сұр түсті металдан жасалып, рельефті геометриялық өрнекпен безендірілген», — делінген лот сипаттамасында. Бағалаушылар мәліметінше, қылыштың күйі жақсы, жүзінде 47911 сандары қашалған. Айта кетейік, қаруға бағалау 2024 жылдың желтоқсанында жасалған болатын. Сондай-ақ құжатта қылыштың нарықтық құны 542 719 теңге екені атап өтілген. Алайда лоттың бастапқы бағасы — 379 904 теңге болды. Нәтижесінде ол 1 586…
Қазақстанның тағы бір қаласында, дәлірек айтсақ Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында LRT құрылысы басталды. Бүгін LRT-ның екінші кезегі аясында алғашқы тірек құйылып, алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды. LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары орындалды. Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды. Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген. Жобаны іске асыру елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT мамыр айында ашылады деп уәде…
Бұл жақсы ма, әлде керісінше ме, білмейміз, бірақ, елімізде салық реформасына қатысты пікірталас әзір тоқтамайтын сияқты. Енді пікірталасқа экономистер мен депуттаттадан бөлек, атқарушы биліктің лауазымды өкілдері де үн қоса бастады.Біз бұл тақырыпты тұрақты көтеріп жүргендіктен, жаңа Салық кодексін талдап, түсіндіруге сарапшылардың пікірлеріне жиі жүгінеміз. Соның мысалы ретінде жақында Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасын саралаған болатынбыз. Күні кеше лауазымды тұлға тағы да жазба қалдырып, қоғамдық пікірге қатысты түсініктеме беріпті. «Cарапшылардың БАҚ-тағы пікірлері мен жарияланымдарын қарап, көпшіліктің көкейінде шағын және орта бизнестің нақты белсенділігіне қатысты күмән барын, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының деректері әртүрлі түсіндіріліп жатқанын көріп…