Автор: sayasat_admin

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мамыр мерекесі аясында әр жылдары өзіне сыйға тартылған тұлпарлардың күтім жағдайымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі tokayev_online парақшасында жазды. Мемлекет басшысы бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайға Ақжан деген ат қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұлпардың бітім-болмысы ерекше: шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сымбатты әрі жүрісі паң. Президент жылқының зеректігі мен тектілігі оның сырт келбетінен-ақ байқалатынын жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше ай бұрын Ақалтеке тұқымына жататын құла түсті құлын атқораға қосылған. Оған Ақниет деген есім берілген. Мамандар бұл тұлпардың болашағынан зор үміт күтеді, тіпті халықаралық жарыстарда топ жара алатынын айтып…

Read More

Қызылорда қаласында ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Әділетті заң – әділетті қоғам» тақырыбындағы жыршы-термешілердің республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Ауқымды мәдени іс-шараны Қызылорда облысының әкімдігі және «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған республикалық байқауды ұйымдастыру жұмыстарына тікелей басшылық жасаған айтыскер ақын, үш мәрте «Алтын домбыра» және «Құрмет» орденінің иегері Ниязов Мұхтар Мәуленұлы өнер додасын жүргізді. Байқаудың басты мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтау, дәстүрлі жыр-терме мәдениетін дамыту және қоғамда әділеттілік, заң мен тәртіп құндылықтарын кеңінен насихаттау. Өнер додасына Астана, Шымкент қалалары мен Павлодар облысы,…

Read More

Фото © Tengrinews.kz Астанада блогерлердің соты жалғасты. Өзінің соңғы сөзінде айыпталушы Эльмира Төлегенова болған жағдай үшін жауапкершілікті түсінетінін және өкінетінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz. «Біз болған жағдай үшін толық жауапкершілікті түсінеміз. Өзіміз үшін үлкен қорытынды жасадық, бұл біз үшін өмірлік сабақ болды. Заңды бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Мен және жұбайым үшін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауларыңызды сұраймын», — деді Төлегенова. Сондай-ақ айыпталушы сот кеңесу бөлмесіне кетпей тұрып процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдірді. «Өз құқығымды пайдалана отырып, сіз кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдіргім келеді. Бұл келісімнің барлық шарттары бізге түсіндірілді», — деді ол. Судья…

Read More

Фото: AI көмегімен жасалған. Еліміздің көлік-логистика саласы экономиканың негізгі драйверіне біртіндеп айналып келеді деуге болады. Бұл туралы деректер Астанада өткен Теміржол ынтымақтастығы ұйымының 70 жылдығына арналған конференцияда айтылды. Жалпы,Теміржол ынтымақтастығы ұйымы деген одақтастық туралы біздің білетініміз аз екен. Отыздан астам мемлекеттің мүдделерін тоғыстыратын ұйым мүше елдердің экономикалық дамуына орасан үлес қосып отыр. Аталған ұйым аясындағы теміржол желілерінің жалпы ұзындығы 320 мың шақырымнан асады. Ал жыл сайын бұл жүйе арқылы шамамен 5,5 млрд жолаушы және 5 млрд тонна жүк тасымалданады. Қазақстан да осы жүйе аясында теміржол инфрақұрылымын кеңейту арқылы Еуразиядағы басты транзиттік хабқа айналуды көздейді. Жаңа жобалар елдің логистикалық рөлін күшейтіп…

Read More

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан мұнайын «Достық» құбыры арқылы тасымалдаудың тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл шешім техникалық себептерге байланысты қабылданған, деп хабарлайды kznews.kz. Песков «Вести» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның мүддесі толық ескерілетінін атап өтті. Сондай-ақ серіктестерге жеткізілетін мұнай көлемі сақталып, басқа логистикалық бағыттар арқылы қамтамасыз етілетінін жеткізді. Осыған ұқсас мәлімдемені Ресей вице-премьері Александр Новак та жасады. Оның сөзінше, өзгерістер 1 мамырдан бастап күшіне енеді. Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Ресей тарапының шешімімен 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайын Германияға «Достық» мұнай құбыры арқылы жеткізу уақытша тоқтатылуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Аталған бағыт арқылы Қазақстан тәулігіне шамамен…

Read More

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстанда соңғы бес жылдың ішінде ана өлімін 35%-ға төмендетуге, сондай-ақ ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жүйелі реформалар мен медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізудің нәтижесі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, климаттың өзгеруі халық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналуда. «Климаттық қауіптер…

Read More